Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл тамыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Опубликовано:

Ата заң
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

2022 жылғы тамыз айында аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі egov.kz порталына сілтеме жасап.

Тамыз айында ел тұрғындары 30 тамыз - Конституция күнін атап өтеді.

Бұл дата сейсенбіге түседі. Осыған байланысты аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандытар үшін сенбі, 27 тамыз жұмыс күні болады. Дегенмен азаматтарға 28, 29, 30 тамызда қатарынан үш күн демалыс берілмек.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін тұрғындар тамызда 22 күн жұмыс істеп, 9 күн демалады.

Ал аптасына алты күн қызмет ететін азаматтар үшін тамызда 26 жұмыс күні мен 5 демалыс күн бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін шілде айында аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн демалатынын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979195-biyl-tamyz-aiynda-qazaqstandyqtar-qansa-kun-demalady/

pixel