Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада 700-ге жуық отбасы 8 айдан бері үйінің құжатын ала алмай жүр (видео)

Опубликовано:

700 отбасы үйінің құжатын ала алмай жүр
Видеодан кадр: Astana.tv

Қызылордада 700-ге жуық отбасы үйлерінің құжатын ала алмай жүр. Олар былтыр желтоқсанда қоныс тойын тойлаған. Бұл үйде негізінен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар тұрады, деп хабарлайды astanatv.kz.

Телеарнаның хабарлауынша, 8 айдан бері құжатымыз қолымызға тиер емес деген тұрғындар шешілмей жатқан мәселенің көптігін айтқан.

"Техпаспорты әлі дайын болған жоқ. Техпаспорт болмағандықтан бұл жердегілердің барлығы тіркеуге тұра алмай жатыр. Сондықтан көптеген жанұялар әлеуметтік көмек, тұрғын үй пасобиясын ала алмай жүр", - деді Қызылорда қаласының тұрғыны Гүлфайруз Қыдырбаева.

Аталған үйде көпбалалы отбасылардың саны басым болғандықтан, тұрғындардың ойын алаңдарын үлкейтіп берсе деген де өтініші бар. Жаңа үйлерде мұнан өзге де мәселе жетерлік.

Тротуар жоқ, жол тар. Балаларды машина қағып кететіндей қауіп бар, ол бір. Екіншіден киімдері, балақтары батпақ болып келеді қыста. Әкімдіктегілер қазір құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Күзде, яғни тамызда рәсімдеу толық аяқталады деп отыр", - деді тұрғын Айнұр Қазалиева.

Ал Қызылорда қалалық Тұрғын үй инспекциясы бөлімі жаңадан бой көтерген аудандағы мәселелер кезең кезеңімен шешіледі деп отыр.

"Тұрғындармен бөлім арқылы арнайы келісімшарт жасалды. Осы келісімшарттарды халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 25 млн теңге қаржы бөлініп, жер асты құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде", - деді Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рысбек.

Материал авторы: М. Тоқтасынқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979258-qyzylordada-700-ge-zuyq-otbasy-8-aidan-beri-uiinin-quzatyn-ala-almai-zur-video/

pixel