"Тас лақтырды": Жол талғамайтын көлігімен жылқыны басқан ер адамның үйіне бір топ ауыл тұрғыны жиналды
Жарияланған күні:
Жол талғамайтын көлігімен жылқыны басқан ер адамның үйінің алдына ондаған ауыл тұрғыны жиналды. Оқиға орнынан видео әлеуметтік желіде тарады. Алматы облысының полиция департаменті бұған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі kris.p.original парақшасында жарияланды.
Видео сипаттамасында 18 шілде күні сағат 22.00 шамасында Іле ауданы Междуречинск ауылында ондаған тұрғын жылқыны көлігімен басқан ер адамның үйінің алдында жиналғаны айтылған.
"Шамамен сағат 22.00-де балалар үйдің айналасында біреулердің жүргенін естіген. Аумақта әзірге шарбақ жоқ. Содан кейін терезелерді қағып, тас лақтырып, есіктерді сындыра бастады", - делінген жазбада.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, ауыл тұрғындары тараған.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына патрульдік полиция жасағы мен Іле аудандық полиция басқармасының басшылығы барған.
Олар ауыл тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, содан кейін барлығы үйлеріне тараған.
"Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілген жоқ", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.
Осы орайда полиция ел тұрғындарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Алматы облысында жол талғамайтын көлік мінген ер адамның жылқыны аяусыз, әдейі басқан жантүршігерлік видеосы тараған еді.
Бұған қатысты өңірдің полиция департаменті пікір білдіріп, аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Кейінірек 38 жастағы ер адамның шығынды өтеп, малдың иесімен татуласқаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979381-tas-laqtyrdy-zol-talgamaityn-koligimen-zylqyny-basqan-er-adamnyn-uiine-bir-top-auyl-turgyny-zinaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.