Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте Халықаралық шахмат күніне орай алғаш рет BI Chess қалалық турнирі өтті

Опубликовано:

BI Chess
Фото: BI Group

Шымкентте 20 шілде Халықаралық шахмат күніне орай алғаш рет BI Chess қалалық турнирі өтті.

Асанбай Асқаровтың жүз жылдығына арналған турнирдің басты демеушісі және ұйымдастырушысы BI Group инновациялық құрылыс холдингі болды. Компания өкілдері жарысты жыл сайын өткізу мәселесін қарастырып жатқанына тоқталып өтті.

Турнирге 125 жергілікті шахматшы қатысты. Олар: екінші және одан жоғары санаттағы шеберлер, сондай-ақ арнайы іріктеу турынан өткен әуесқойлар. Жарыс екі жас санатында өткізілді: 60 жасқа дейін және 60 жастан жоғары.

Іс-шара басталар алдында ақсақалдар қатысушыларға бата беріп, оң тілегін білдірді.

BI Chess
Фото: BI Group

Турнирдің қария қатысушысы Олег Ни өз пікірін былай деп білдірді:

"Мен бұл жерде жастарды көргеніме қуаныштымын. Шымкент өзінің шахматшыларымен және мықты шахмат мектептерімен танымал. Бұл шынымен де адамдарды біріктіретін бекзат ойын. Шахмат ойнауды ешқашан тастамаңыздар дегім келеді!".

BI Chess швейцариялық жүйе бойынша өткізілді. Жарыстағы уақыт бақылау өлшемі 10+5 құрады. Соңғысы әр қатысушыға бір ойынға 10 минут оның ішіндегі 5 секунд жүріс жасауға берілгенін білдіреді.

BI Chess
Фото: BI Group

Барлық ойын онлайн режимде шахмат турнирлерінің халықаралық базасының chess-result.com ресми сайтында көрсетілді.

Жеңімпаздар ФИДЕ халықаралық регламентіне сәйкес анықталды. Бұл рейтингке кіру - әр шахматшының мақсаты.

Бірінші жас санатында 0,5 балдық айырмашылықпен шахматшы Әбубәкір Жолдасов жалпы 6 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші жас санаты бойынша 8 ұпай жинаған Әбілмансұр Әбділхайыр жеңімпаз атанды.

BI Chess
Фото: BI Group

BI Chess бірінші қалалық рейтингтік турнирінің нәтижелері бойынша екі санатта бірінші және екі орындарды мына шахматшылар иеленді:

2 - орын: Алдияр Нысанов

3 - орын: Әмірбек Сапаров

2 - орын: Нұрасыл Жұмабек

3 - орын: Зейнеп Сұлтанбек

Зейнеп:

"Мен Халықаралық шахмат шеберлігімнің деңгейін Мальдив аралдарында қорғадым, қазір Индонезиядағы жарыстарға қатысуды жоспарлап отырмын. BI Group компаниясына осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін, Шахмат күніне жасалған құрметтері үшін алғысымды білдіремін. Барлығы да жоғары деңгейде өтті".

Сондай-ақ турнирдің ең жас қатысушылары Даяна Балтабек пен Сергей Ни марапатталды.

Барлық шақматшыларды құттықтаймыз!

BI Chess
Фото: BI Group

Анықтама:

BI Group компаниясы филантропиялық бағдарынан айнымай, 27 жылдан бері қоғам өміріне белсенді түрде қатысып келеді.

Холдинг көптеген әлеуметтік, қайырымдылық жобаларды жүзеге асырды. Олардың ішінде: BI-Juldyzai корпоративтік қоры, "Бақытқа апарар соқпақтар" - Алматыдағы тау соқпақтарын абаттандыру жобасы, BI Marathon сияқты спорттық бастамалар, сондай-ақ BI Green эко қозғалысы және тағы басқалар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979496-symkentte-xalyqaralyq-saxmat-kunine-orai-algas-ret-bi-chess-qalalyq-turniri-otti/

pixel