jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Жол қызметкерлері жолда мәдениет пен тазалықты сақтауға шақырды

мусорный пакет
Фото: Pixabay

"Қазақавтожол" ЖШС қызметкерлері тұрғындардан республикалық маңызы бар жолдарда мәдениет пен тазалықты сақтауға шақырды.

"Қазақавтожол" мәліметінше, жол қызметкерлері жыл сайын республикалық маңызы бар жолдардан жалпы салмағы 200 мың тоннадан асатын түрлі қоқыс жинайды.

Қызметкерлер жол бойынан, темекі тұқылдары, пластикалық ыдыстар, тамақ қалдықтары, тіпті адам ағзасының экскременттері, сонымен қатар үй жануарларының өлекселерін де жинауға мәжбүр. Себебі, олар уақытында жойылмаса, шіріп түрлі инфекциялардың таралуына алып келуі мүмкін. Ал көлік демалыс алаңдары мен автопавильондарда пайдаланушылар тамақ, төгілген сусын қалдықтары мен ыдыстарын тастап, орындықтарды сындырып кететін жағдайлар да орын алып жатады. Соның барлығын күнделікті жинап, қалпына келтіретін — жол қызметкерлері.

Қоқыспен күрестегі тағы бір өткір мәселелердің бірі — республикалық маңызы бар жолдарға жақын ауылдар мен елдімекендер мәселесі. Олардың көпшілігінде қоқыс полигондары жоқ немесе ауылдардан алыс орналасқан, сондықтан көбіне тұрғындар үйден шыққан барлық тұрмыстық және құрылыс қоқысын демалыс алаңдары мен автопавильондарға немесе жол жиегіне тастап кетіп жатады.

"Қарқындылығы мен жылдамдығы жоғары автобандарда жолға жел көтеріп әкелген немесе тасталған қоқыс жолдың эстетикалық жағдайына ғана емес, пайдаланушылардың қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Әсіресе қазір, демалыс маусымы басталып, жолдағы қозғалыс қарқыны өскен кезде, жолсапарға шыққандар аталған жайтты ескерсе дейміз.
Құрметті пайдаланушылар! "Қазақавтожол" ЖШС сіздерден жолда жол мәдениеті мен тазалықты сақтауларыңызды, ал қоқысты тек белгіленген жерлерде тастауларыңызды сұрайды. Жолдарыңыз ашық болсын!" - делінген компания хабарламасында.
Жол қызметкерлері жолда мәдениет пен тазалықты сақтауға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.