Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың інісіне іздеу жарияланды

Опубликовано:

Мұрат Боранбаев
Мұрат Боранбаев: Қаржылық мониторинг агенттігі

Бүгін, 21 шілдеде қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың інісі Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланғаны белгілі болды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның ресми өкілі Әлішер Әбділов іздеу туралы ақпаратты растады. Дегенмен іске қатысты өзге мәлімет жария етпеді.

Сонымен қатар Әбділов Мұрат Боранбаевтың құқықтық статистика және арнайы есепке алудың ресми порталында іздеуде жүрген азаматтардың тізімінде екенін айтты.

Еске сала кетсек, Қайрат Боранбаев биылғы жылдың наурыз айында ұсталған еді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ведомство қазіргі таңда квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қайрат Боранбаев ұсталған.

Ал 8 шілде күні Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979602-kasipker-qairat-boranbaevtyn-inisine-izdeu-zariyalandy/