jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Демалыс күндері елімізде 46 градусқа дейін аптап ыстық болады

Демалыс күндері ыстық ауа райы сақталады
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 23-25 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері ел аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады яғни жаңбыр жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

25 шілдеде республиканың солтүстік-батысында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Сондай-ақ күндізгі уақытта республиканың батыс бөлігінде ауа температурасы +27 +42°С-тан +23 +35°С-қа дейін төмендейді.

Ал ауа температурасының аздап көтерілуі елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде күтіледі.

Мұнда сынап бағанасы +25-тен +38 градусқа дейін көтерілсе, республиканың солтүстігінде, шығысында +22-ден +30°С-қа, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +34-тен +46 градусқа дейін көтеріліп, өте қатты ыстық сақталады.

Демалыс күндері елімізде 46 градусқа дейін аптап ыстық болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.