Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүздеген жүк көлігі шекарада кептелісте тұр: Жетісу облысының әкімдігі жағдайға түсініктеме берді (видео)

Опубликовано:

Алакөл бекетіндегі жүк көліктер
Скриншот: instagram.com/kris.p.almata

Жетісу облысының әкімдігі "Алакөл" кеден бекетіндегі жүздеген жүк көлігінің кептелісіне қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, көліктер бекеттен алдағы екі-үш күнде өтуі керек. Бұл туралы облыстық әкімдік Facebook парақшасында хабарлады.

Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде кептелісте тұрған жүк көліктерінің видеосы тарады.

"Алакөл ауданындағы "Алакөл" кеден бекетінде тұрып қалған жүк көліктерінің мәселесі екі-үш күнде шешіледі. Ол үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Жақын арада электрондық кезек жүйесін енгізу мүмкіндігі қарастырылуда", – деп хабарлады әкімдіктен.

Ауыр жүк көліктерінің кептелісі Қытай бағытындағы көліктердің көптігіне байланысты пайда болған. Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық автокөліктермен қатар, мұнда Ресей және Беларусь көліктері басым.

Әкімдіктің айтуынша, осы уақытқа дейін шекарадан күніне 10-15 қана жүк көлігі өтсе, қазір бұл көрсеткіш бірнеше еселенген. Сондықтан кеден бекетіне қосымша мамандар жұмылдырылды. Сәйкесінше, жұмыс уақыты да таңғы 8:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін ұзартылған.

"Бұған дейін кеден бекеті таңғы 8:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейтін. Жұмыс уақытын қосымша 3 сағатқа создық. Құжат сканерлеуші және тексеруші мамандарды көбейттік. Жалпы саны 31 адам қызмет етуде. Дүйсенбіден бастап тағы 8 адам қосылады. Қазір шекарадан күніне 100 жүк көлігі өтеді. Әр көлікті тексеру уақытын да жылдамдатып жатырмыз", – деді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Талғат Қозыбеков.

Кеден бекетінде қазір 500-дей көлік тұрғаны белгілі болды. Оларды мамандар алдағы 2-3 күнде тексеріп өткізеді деді әкімдікте. Ал кезек пен тәртіп мәселесін жергілікті әкімдік, полиция реттейді.

"Бізде жедел штаб құрылған. Оның құрамында кеден және шекара қызметі, полиция бөлімі мен көлік прокуратурасы қызметкерлері бар. Қалыптасқан жағдайға байланысты штаб отырысын өткіздік. Мәселені жан-жақты талқылап, шешу жолдарын қарастырдық. Кезекті реттеу үшін электронды жүйе қалыптасқанға дейін есепке алу және оңтайландыру жолдары қарастырылды", – деді Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдинов.

Жалпы, кеден органдарының талдауы бойынша, соңғы уақытта ауыр жүк көліктердің саны 50 пайызға ұлғайған. "Достық – Алашанькоу" бағытында көлік ағыны әлі де өседі деп күтілуде.

Сондай-ақ көлік өткізу әлеуетін арттыру бағытында кеден бекетін кеңейту жұмыстары қолға алынуда. Маусым айында қосымша автомобиль өткізу пунктінің құрылысы басталды. Жобаны іске асыру бір жарым жылға жоспарланған. Онда тәулігіне 1200-дей көлік тексерістен өтеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980020-zuzdegen-zuk-koligi-sekarada-kepteliste-tur-zetisu-oblysynyn-akimdigi-zagdaiga-tusinikteme-berdi-video/

pixel