Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аптап ыстық": Түркістан облысында жергілікті тұрғын асфальт үстінде жұмыртқа қуырды

Опубликовано:

Асфальтта жұмыртқа қуырып жатқан сәт
Видеодан кадр: Otyrar.kz

Бүгінде еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болуда. Осы орайда Түркістан облысының тұрғындары күннің қаншалықты қатты ысығанын тексеру үшін асфальт үстінде жұмыртқа қуырып көрген, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Эксперимент жасаған ер адамдардың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Кадрдан жергілікті тұрғынның тасжолдың үстіне темір ыдыс қойып, біршама уақыт күткенін, содан кейін оның бетіне май құйып, жұмыртқа қуырғанын байқауға болады.

"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, 24-25 шілдеде күндіз Түркістан облысы мен Түркістан қаласында 45 градусқа дейін қатты ыстық болған.

Мамандар 26 шілдеде өңірде ауа температурасы 40-42 градусқа дейін аздап төмендеуі мүмкін деп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" РМК 26-28 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Оған сәйкес, алдағы күндері оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +40 +45 градусқа дейін ыстық болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980094-aptap-ystyq-turkistan-oblysynda-zergilikti-turgyn-asfalttyn-ustinde-zumyrtqa-quyrdy-video/

pixel