Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Күн
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, күндіз 26 шілдеде Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. өңірдің оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қаласында күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады. Облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Орал қаласында найзағай, бұршақ күтіледі. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады,найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 16 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980136-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel