Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Air Astana әуе компаниясына рейсті кешіктіргені үшін тағы да айыппұл салынды

Опубликовано:

Air Astana ұшағы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Air Astana әуе компаниясына рейсті кешіктіргені үшін тағы да айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Азаматтық авиация комитетінің Telegram-каналына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша Азаматтық авиация комитеті рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін әуе тасымалдаушыларды жауапкершілікке тартуды жалғастырып жатыр.

Тергеу барысында 16 шілде күні Air Astana компаниялар тобына кіретін "Fly Arystan" бөлімшесінің Алматы-Атырау бағыты бойынша КС-7202 рейсі 12 сағат 9 минутқа кешіктірілгені анықталды.

"Ұшуды күткен кезде осы рейстің жолаушыларына Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақ үйде тұру бойынша қызметтер тиісінше ұсынылмаған", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 4 тамызда әуе компаниясына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама жасалып, оған сәйкес 1 000 АЕК (3 063 000 теңге.) мөлшерінде айыппұл салынды.

"Бұл Air Astana әуе компаниясы тобының рейс кешіктірілген кезде жолаушылар құқықтарының бұзылуы себебінен өткен айда жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын әкімшілік жауапкершілікке тартудың төртінші жағдайы. Комитет заңнамада көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда әуе тасымалдаушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қажетті шаралар қабылдайды", – деп атап өтті Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Fly Arystan рейсі кешіккені үшін Air Astana әуе компаниясына айыппұл салынғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981898-air-astana-auekompaniyasyna-reisti-kesiktirgeni-usin-tagy-da-aiyppul-salyndy/

pixel