Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа оқу жылында мектеп формасы қандай болады: Оқу-ағарту министрлігі пікір білдірді

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: Ақорда

Алдағы оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады. Оқушылар бұрын сатып алған немесе дайындаған формамен мектепке еркін келе алады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі ресми Telegram каналында.

Ведомство мектеп формасына қатысты өткен жылдағыдай заңнамалық нормалар қолданылатынын атап өткен.

Сонымен бірге министрлік ата-аналардан кейбір мектептерде мектеп формасына қойылатын талаптар, яғни түс, киім дизайны бойынша талаптар нақты жеткізушілерге немесе өндірушілерге сәйкес жасалғаны туралы шағым түскені жөнінде жазған.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған байланысты кейбір өңірлерде білім басқармалары ата-аналар қауымдастығы және қамқоршылық кеңестерімен келісе отырып, әр мектеп өз талаптарын қоймауы үшін өңірде бірыңғай түсті енгізуді, сол арқылы ата-аналардың таңдауына шектеу қою туралы шешім қабылдаған.

"Бұл ретте ата-аналардың назарын талаптардың өзі өзгермегеніне аударғымыз келеді. Мысалы, егер оқушы мектепке сатып алынған немесе бұрын сол мектептің қамқоршылық кеңесі бекіткен аға-әпкелерінен қалған форманы киіп келе алады. Ата-аналардың өтініштерінен кейін бірнеше білім басқармасы қамқоршылық кеңестермен бірлесіп, облыс бойынша мектеп формасының біркелкі түсін белгілеуге шешім қабылдады. Барлығы қою көк түсті таңдады. Бірақ бұл балаларды шектемейді, яғни олар бұрыннан бар мектеп формасымен келе алады", - дейді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Сондай-ақ Гүлмира Кәрімованың айтуынша, оқу жылына дейін атаулы әлеуметтік көмек алатын немесе жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, төтенше жағдайға тап болған отбасылардан шыққан 418 мың балаға көмек көрсетіледі.

Оларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін "Жалпыға міндетті білім беру" қорынан қолдау жасалмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982420-zana-oqu-zylynda-mektep-formasy-qandai-bolady-oqu-agartu-ministrligi-pikir-bildirdi/

pixel