jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Елордада 10-қабаттан құлаған баланы төменнен қағып алған жігіт сыйлықтан неге бас тартқанын айтты

Көпқабатты үй
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Нұр-Сұлтан қаласында 10-қабаттан құлап бара жатқан баланы төменнен қағып алып, құтқарған ер азамат марапаттан неге бас тартқанын айтты, деп жазады Almaty.tv телеарнасының сайты.

Телеарнаның хабарлауынша, оқиға 31 шілде күні болған.

"Мен үй жақта жоғары жақта қарап тұрдым. Не болып қалды, не жағдай деп. Жерге құлағаннан кейін барып анасы түсті ғой деймін. Анасы ол уақытта білмей қалды баланың құлағанын", – дейді қала тұрғыны Мадина Жатқанбаева

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі жеткіншек қазір нейрохирургия бөлімінде жатқанын жеткізді.

Ал періштесі қаққан бес жасар қызды сол сәтте көршісі құтқарып қалған. Жігіт кішкентай баланың құлағанын көре сала төменнен қағып алған. 34 жастағы Талғат Әбдіханұлы өзіне ұсынылған марапаттан бас тартқан.

"Мен ТЖД-дан  ешқандай сыйлық алмадым. Одан бас тартқан себебім қолымнан келгенше құтқарған қыз дәл қазір өте ауыр халде жатыр. №2 емханада. Қандайда бір көмек болатын болса дәрігерлер көмектессін. Мен мемлекеттен ешқандай ештене талап етіп отырғаным жоқ. Тек қана қыздың жақсы болып кетуін тілеймін. Ешқандай сыйақы да алғым келмейді", – дейді қала тұрғыны Талғат Әбдіханұлы.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада 10-қабаттан құлап кеткен қыз бала аман қалғанын хабарлағанбыз. Оны төменгі қабаттағы көршісі қағып алуға тырысып, жерге қатты құлауына жол бермеген еді.

Елордада 10-қабаттан құлаған баланы төменнен қағып алған жігіт сыйлықтан неге бас тартқанын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.