Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытгүл Хаменова сотта өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді

Опубликовано:

Хаменова сот отырысында
Фото: NUR.KZ

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, 11 тамызда Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке және "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамовқа қатысты сот процесі өтуде.

Басылымның хабарлауынша, сотта Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлім еткен.

Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қаралып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысына қатысты тергеу басталғанын хабарлаған еді.

Ведомство шенеуніктер Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және қою бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінгенін айтты. Бастапқыда Бақытгүл Хаменова үйқамақта болды.

Алайда кейін Атырау облысының прокуратурасы өтініш беріп, шенеунік қамауға алынып, тергеу изоляторына жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982746-baqytgul-xamenova-sotta-ozine-tagylgan-aiypty-moiyndamaitynyn-malimdedi/

pixel