Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоқ соғады": Түркістандағы жалға берілген пәтер тұрғындары ваннаға түсуден қорқып отыр

Опубликовано:

Түркістанда тұрғындар ваннаға түсуден қорқып отыр
Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан қаласында жалға берілген тұрғын үйлердің ваннасына түсу қауіп төндіріп тұр. Тұрғындар ваннаның астына тоқ жүргізгендерді түсінбей әлек, деп хабарлайды Отырар арнасы.

Түркістан қаласындағы Отырар шағын ауданында жаңа пәтерге кірген тұрғындардың уайымы басым. Жалға болса да, жаңа баспанаға қолымыз жетті дегенде, оның ваннасынан адам айтса нанғысыз қауіп шықты дейді.

"Көрші үйде бір әйелді ваннада ток ұрып, қайтыс болған деп естідім. Оны осындай сымнан кетіпті деген соң, қатты қорқып қалдық. Жан-жаққа қоңырау шалдық. Үш күннен кейін электриктер келді үйге. Сосын біз қарама-қарсы көршімен бірге тоқты қидырып тастадық", – дейді қала тұрғыны Балайым Махамбетәлиева.

Бір ай бұрын болған жантүршігерлік оқиғадан кейін, тұрғындар ваннаның астындағы сым желісін жаппай алдырып тастауда. Бірақ шақыртқан мамандар оның қауіпсіз екенін айтқан. Дегенмен, тұрғындар сымның неліктен шомылатын шойын ыдыстың астынан тартқанын түсінбей әлек.

Үш жыл бұрын 5 қабатты 36 тұрғын үйді елдің игілігіне тартқан құрылыс бөлімі оны талапқа сай деп, мемлекеттік қабылдаудан өткізіпті. Ваннада жуынып жатып, тоққа түсіп, жан тәсілім еткен әйел туралы мамандар да хабардар болып шықты. Оған қоса, тұрғындардан түскен шағымды да білетін көрінеді.

"Одан ток жүрмейді. Жаңағыдай қашқан уақытта тоқтар қашады ғой, әртүрлі тұйықталу болады. Сол кезде судан тоқ келетін жағдайда, ваннаға түскен тоқ әрі қарай тартып кету үшін жасалған. Енді ол тоқ әрі қарай кетпейтін болса, ваннада ішіндегі қолданатын адамға қауіп төндіруі мүмкін", - дейді Түркістан қаласы құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Алмас Байжанов.

Мамандар бұл жағдайды жіті тексеріп, арнайы сараптама тағайындамақ. Ал шомылатын шойынның астындағы сымнан үрейленген жұрт жауаптылар желіні басқаша жүргізбейінше, жуыну бөлмесіне аяқ баспайтынын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982998-tok-sogady-turkistandagy-zalga-berilgen-pater-turgyndary-vannaga-tusuden-qorqyp-otyr/

pixel