jitsu gif

Ертең мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевпен қоштасу рәсімі өтеді

свеча
Иллюстративное фото: pixabay

Мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевпен қоштасу рәсімі 16 тамыз күні өтетіні белгілі болды. Бұл туралы журналист Ермұрат Бапи Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қоштасу рәсімі 16 тамыз күні сағат 10:00-де "Ғылым ордасында" (Ғылым академиясының ғимараты, Құрманғазы көшесі, 29 Уәлиханов көшесінің қиылысы) өтеді.

"Жаназалық асы сағат 13:00-де "Жалын" мейрамханасында (Достық даңғылы, 304) беріледі. Қонақасы ертең - 15 тамызда сағат 19:00-де сол мейрамханада өтеді", - деп жазды Ермұрат Бапи.

Балташ Тұрсымбаев екі рет Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары (1992-1993), (1998-1999) қызметін атқарған. Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы (1995-1996), Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі (1996-1998) болды. Екі жыл Қостанай облысы әкімі қызметін атқарды (1993-1995).

Еске салсақ, бұған дейін қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевтың қайтыс болғаны туралы хабарды журналист Жұмабике Жүнісова Facebook парақшасында жария еткен еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.