jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Конституция күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады

отшашу
Көрнекі фото: pixabay.com

30 тамызда елімізде Конституция күні атап өтіледі. Мерекеге орай қазақстандықтар тамыз айының соңында қатарынан үш күн демалады. Тиісті ақпарат "Электронды үкіметтің" ресми порталында жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Биыл 30 тамыз, Конституция күні сейсенбіге сәйкес келеді.

Қазақстандықтардың үш күн қатарынан демалуы үшін мереке алдындағы жұмыс аптасы ұзартылған. Яғни сенбі, 27 тамыздағы демалыс күні дүйсенбі, 29 тамызға ауыстырылды.

Осылайша, қазақстандықтар мемлекеттік мерекеге орай 28 тамыз бен 30 тамыз аралығында демалады.

Еске сала кетейік, еліміздің Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған болатын.

Бұл күні Қазақстанның барлық өңірі мен қаласында дәстүрлі түрде жаппай мерекелік іс-шаралар мен концерттер өтеді.

Конституция күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.