Әзербайжан астанасында Алматы облысы күндері өтеді
Жарияланған күні:
Баку тұрғындары мен қонақтары 18-26 тамыз аралығында "Welcome to KZ" ақпараттық-туристік орталығының жұмысы аясында Алматы облысының мәдениеті және табиғи байлықтарымен танысуға мүмкіндік алады.
"Біздің облысты шетелдік көрмеде таныстыру – үлкен мәртебе. Алматы облысы – сұлу табиғатымен ғана емес, бай мәдениетімен де танымал өлке. Көрме қонақтары жергілікті туризмнің ерекшеліктерімен танысып, көшпенділердің бүркітпен аңшылық жасау секілді төл өнері туралы көбірек ақпарат ала алады", - дейді Алматы облысы Туристік ақпарат орталығының өкілдері.
Айта кету керек, "Welcome to KZ" ақпараттық-туристік орталығы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінің қолдауымен және Discover Almaty қазақстандық туроператордың қатысуымен ашылған.
Орталық қазақтың 10 қанатты киіз үйі түрінде жасалған және онда көрменің екі түрі өтеді. Бірі – Қазақстанның түрлі өңіріне арналған апта сайынғы көрме болса, екіншісі – 7 басты экспозицияны назарға ұсынатын тұрақты көрме.
Аталған экспозициялар қатарына Алматы облысының туристік дестинациясы, "Қыран" бүркіт аңшылығы орталығы, Шымбұлақ тау-шаңғы курорты, Esentai Mall СОО, Байқоңыр ғарыш айлағы және "Эйр Астана" АҚ кіреді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983697-azerbaizan-astanasynda-almaty-oblysy-kunderi-otedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.