jitsu gif

СІМ Лаоста еңбек құлдығына түскенін айтқан қазақстандық қызға қатысты пікір білдірді

Анель Бермағанбет
Фото: instagram.com/anel.bermaganbet

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Лаоста еңбек құлдығына түскенін мәлімдеген отандасымыздың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан СІМ дерегіне сүйенсек, 19 тамызда қазақстандық қыз консулға байланысқа шығып, өз жағдайын айтқан. Ханойдағы Қазақстан елшілігі Лаостың Сыртқы істер министрлігіне отандасымызды құтқаруға барынша көмек көрсету туралы тиісті нота жолдаған.

Жергілікті полиция қазір бұл мәселемен айналысып жатыр, ертең Лаос СІМ мен ІІМ өкілдері арасында келіссөздер басталады.

"Айта кету керек, біздің отандасымызға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, ол дипломаттармен және туыстарымен үнемі байланыста. Қыздың айтуынша, оның құжаттары мен телефонын тартып алмаған, телефон мен интернет байланысын шектемеген, сондай-ақ күш қолданбаған.

Таиландқа және одан кейінгі бағытқа өз еркімен барған. Сондай-ақ, қыздың сөзінше, жұмыс берушілер ұшуға, орналасуға және басқа да шығындарға жұмсаған қаржыны қайтарған жағдайда оны жіберуге дайын", - деді министрлікте.

Ведомство аталған мәселе Вьетнамдағы Қазақстан елшілігінің қатаң бақылауында екенін атап өтті. СІМ мен Вьетнамдағы Қазақстан елшілігі отандасымызды елге қайтаруға тиісті көмек көрсетеді.

Сонымен қатар СІМ қазақстандықтарды шетелде жұмыс істеу үшін құжаттар мен келісімшарттарға қол қойылмай тұрып, шетелге шыққанға дейін оларды мұқият зерделеуге, күтпеген жағдайлардың туындауын болдырмау үшін жұмыс берушілерді тексеруге шақырды.

Еске салайық, осыған дейін қазақстандық Анель Бермағанбетова өз Instagram парақшасында Лаоста еңбек құлдығына түскені туралы жазба жариялаған еді. Қыздың мәлімдемесіне қатысты Қазақстанның Ішкі істер министрлігі пікір білдірген болатын.

СІМ Лаоста еңбек құлдығына түскенін айтқан қазақстандық қызға қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.