Шымкентте құрылыс саласындағы білім беруді қолдау меморандумына қол қойылды

Опубликовано:

BI Group
Фото: Раимкулов Дауреннің жеке мұрағатынан

Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті мен BI Group құрылыс холдингі Шымкент қаласында орналасқан филиал атынан өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласындағы білім беруді қолдайтын ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастық аясында жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын дамыту мен тағылымдамалар өткізуге көмектесу, бірлескен мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, ғылыми жобаларды дамыту көзделген.

BI Group
Фото: Раимкулов Дауреннің жеке мұрағатынан

Академик А. Қуатбеков атындағы ХДУ құрылыс кафедрасының студенттеріне BI Group холдингінен төмендегідей мүмкіндіктер тізімі ұсынылады:

  • Компания басшылығы ХДУ оқытушылары мен студенттері үшін өтеусіз негізде коучинг-дәрістер өткізеді;
  • Компаниядағы міндетті өндірістік тәжірибе;
  • Үш айда бір рет тегін өткізілетін гембалар (жобалар мен құрылыс алаңдарына бару), соның ішінде үздік студенттерге арналған топ-менеджменті бар гембалар;
  • BI Group акционерлерінің қатысуымен өтетін ауқымды іс-шараларға үздік студенттерді жылына бір рет шақыру;
  • ХДУ-де цифрландыру саласындағы арнайы білім беру блогын дамыту.

Қазақстан Республикасының Президенті осы жылдың басында өткізілген мәжіліс отырысында білім берудің техникалық сегментін басымдықпен дамыту қажеттігін атап өткенін естеріңізге сала кетейік:

"Біздің бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға әуестену артта қалды. Ендігі кезекте техникалық мамандықтарға басымдық беруіміз керек. Өнеркәсіп инженерлерінің жаңа буынын өсіру қажет".

Анықтама үшін: Холдинг Шымкентте 2021 жылғы 3 шілдеде BI University корпоративтік университетінің филиалын ашты. Компания Шымкент қаласында көптеген әлеуметтік, қайырымдылық жобаларды жүзеге асырды. Солардың ішінде BI Green экоқозғалысы мен тұңғыш рет өткізілген А. Асқаров атындағы BI Chess қалалық рейтингтік турнирін атап өтуге болады. Осы жылдың басында балалар мен ересектерді нейрооңалту және кардиореабилитациялауға арналған "Жұлдызай" корпоративтік қорының бесінші медициналық оңалту орталығы іске қосылды. Сонымен қатар қор аталған өңірде орталық аша отырып, реабилитология және ортопедия саласындағы жетекші шетелдік мамандармен консультациялар өткізіп, операциялар жасайтын менторлық бағдарламамен айналысатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984376-symkentte-qurylys-salasyndagy-bilim-berudi-qoldau-memorandumyna-qol-qoiyldy/