Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрмысы төмен елордалықтарға азық-түлік сатып алу үшін арнайы карта беріледі

Опубликовано:

Азық-түлік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Күзде елордада әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға супермаркеттерден азық-түлік сатып алуға арналған әлеуметтік карталар берледі. Бұл туралы бас қаланың кәсіпкерлерімен кездескен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала басшысының айтуынша, елорда әкімдігі ірі "Магнум" супермаркеттер желісімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақты ұстап тұру бойынша жұмыс істейді.

"Әлеуметтік карта жобасын пилоттық режимде іске қосқымыз келеді. Яғни, біз субсидиялайтын азық-түліктер әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың қолына тиюі тиіс. Әлеуметтік карталарды шығарып, жобаны күзде пилоттық режимде бастаймыз", - дейді жоспарларымен бөліскен Алтай Көлгінов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде ет бағасының көтерілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берген болатын.

Сондай-ақ Қазақстанда жыл басынан бері сары май бағасы бірден 15 пайызға өскенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984489-turmysy-tomen-elordalyqtarga-azyq-tulik-satyp-alu-usin-arnaiy-karta-beriledi/

pixel