Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Апаттан көз ашпаймыз": тас жолдың тарлығын айтқан алматылық тұрғындар жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Жолдан өтіп бара жатқан ер адамды тоқтатуға тырысуда
Фото: Almaty.tv

Алматы тұрғындары Құлжа күре жолында жол апаты жиілеп кеткенінен қорқады. Апталап апат болатын бұл жол Алматының кіреберісінде орналасқан. Соңғы 2 күнде 2 адам көлік астына түсіп, көз жұмған, деп хабарлайды Almaty.tv. арнасы.

"8 адамның өмірі осында қиылып отыр. Міне, кеше ғана 2 адам осы жерде көз жұмды. Түнде емес, күндіз де көлік тоқтамайды", – дейді қала тұрғыны Абдрасул Тохтаев.

Ал Алматы облысының тұрғындары жолдан өту үшін қол көтеріп өтетіндерін, бұл жолды балабақша, мектепке баратын балалар да кесіп өтетінін айтты.

"Жүргіншілер өтпесі тұрғанымен, оны ешкім байқамайды, ағаштардан көрінбейді. Көліктер де тоқтамайды, жолдан өту үшін 2 қолымды көтеріп, белгі беріп, күтуім керек. Жүгіріп өте алмаймын", – дейді Алматы облысының тұрғыны Гүлайым Шаяхметова.

Арғы беттегі жаңа мектепке балалар бара алмай отыр. "Бастысы, бастың амандығы" деген тұрғындар ұл-қызын көрші ауылға апарып, оқытады. Жолдан өту жыр болған жолда аялдама да жоқ. Тұрғындар әйтеуір қоғамдық көлік осында келіп тоқтайды дейді. Тіпті, жүргізушілер байқамай қалатын көрінеді.

"Транспорттың жүріп жатқанын көрдіңіздер. Не жарық жоқ. Балаларға балабақшаға, мектепке бару керек", – деді Алматы облысының тұрғыны Сейсенбай Әлиев.

Жол жиегіндегі тұрғын үй кешені Алматы облысына қарайды. Ал екінші беттегі ауыл қала қарамағында. Екі жаққа да сұрау жолдадық деген азаматтар енді айтылар жауапты, атқарылар істі күтеді.

"Тұрғын-үй комплексі Талғар ауданына қарайды. Мына жол қалаға қарайды. Сонымен, екі әкімшілік арасында мәселе боп тұр. Хат жазылды, жолданды. Жол біткенде, мәселе шешіледі", – дейді Алматы облысының тұрғыны Руслан Әлиев.

Күре жолдағы құрылыс биыл бітеді. Мамандардың сөзі – осы. Жалпы, жолдың жайынан бөлек, көпті алаңдатқан өткел мен аялдама мәселесі де шешімін таппақ.

"Жобамен қарастырылған ұзындығы 3 шақырым тротуар және Бұқтырма көшесі, Құлжа күре жолы және Алатау трассасы бойынша көзделген 6 жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы биыл жыл соңына дейін орындалатын болады. Жаяу жүргіншілер өткелі қарастырылмаған, бірақ орнына 6 жаяу жүргіншілер өткелі жол бетінде болады. Ол ыңғайлы. Қарт адамдар бар, басқасы бар", – дейді қалалық мобилділік басқармасының бөлім басшысы Қайрат Анарбаев.

Жауаптылардың айтуынша, тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін де тиісті іс атқарылады. Полиция департаменті берген дерек бойынша дәл осы жүргіншілер жолында 9 апат тіркеліпті. Бұл соңғы 2 айдағы көрсеткіш қана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985238-apattan-koz-aspaimyz-tas-zoldyn-tarlygyn-aitqan-almatylyq-turgyndar-zanaiqaiyn-zetkizdi/

pixel