jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Атырауда өткен концертте "бала жоғалды" деген дерекпен 120-ға жуық арыз түскен

қыз бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда өткен концерт кезінде "бала жоғалды" деген дерекпен 120-ға жуық арыз түскен. Полицейлер барлық баланы аман-есен тауып, ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды Атырау облысының полиция департаменті Facebook парақшасында.

Ведомствоның мәліметінше, 27 тамызда Атырау қаласында ірі мұнай компаниясының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында эстрада жұлдыздарының гала-концерті өткен.

Концертке шамамен 15 мыңнан аса көрермен жиналған.

Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қамтамыз ету мақсатында сол жерде қызмет еткен.

Ал сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полицейлерге "бала жоғалды" деген дерекпен 120-ға жуық арыз келіп түскен.

"Барлық балалар 15 минут пен 1 сағат аралығында табылып, аман-есен ата-аналарына табысталды. Концерт барысында жоғалған 6 баланың ата-анасының ұялы телефоны өшіп тұруына байланысты полиция қызметкерлері балаларды мекенжайы бойынша үйлеріне жеткізді", - дейді Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ануар Кокалов.

Атырауда өткен концертте "бала жоғалды" деген дерекпен 120-ға жуық арыз түскен

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.