jitsu gif

Президент: 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі білім сапасына қатысты бірқатар өзгеріс қолға алынатынын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.

Сол үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз", - деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады.

"Жалпы, мектеп салу үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек", - деп атап өтті Тоқаев.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.