Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда оқушылар бұрқылдаған шаң көшемен мектепке бару үшін аяғына полиэтилен қап киіп жүр (видео)

Опубликовано:

шаңды жол
Көрнекі фото: pexels.com

Талдықорғанда саяжайда тұратын оқушылар бұрқылдаған шаң көшелермен мектепке бару үшін аяғына полиэтилен қап киюге мәжбүр. Шаңды жолмен жүріп бара жатқан оқушылардың видеосы әлеуметтік желіде жария болды. Бұған қатысты қалалық әкімдік пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шаң басқан жолдың видеосы Instagram-дағы kris_p_tdk парақшасында пайда болды. Кадрдан мектеп формасын киген балалардың аяқтарына полиэтилен қап киіп алғанын көруге болады. Автордың сөзінше, бұл Ашыбұлақ саяжайында түсірілген.

"Міне балаларымыз сабағына осылай барады. Саяжайда барлық көшенің түрі осындай", - дейді видео авторы.

Видеоны көрген желі қолданушылары жарыса пікір жазуда.

"Бұл қазір шаң! Ал сосын бәрі балшыққа айналады", "Жол жоқ, ал бордюрларымыз жарты жылда бір ауыстырылады", "Шаң жақсы ма, балшық жақсы ма?", "Білмеймін, бірақ мектеп формасын шаң басқаны сөзсіз", "Байғұс балалар, бейімделіп алыпты", - деп жазды олар.

Ал Талдықорған қаласы әкімдігі саяжай аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының салдарынан жол осындай күйге түскенін мәлім етті.

"Қазіргі таңда Ащыбұлақ саяжайында орталық су құбыры жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына үш мердігер ұйым жұмылдырылған. Олар 30 қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлауда. Су құбырларының ұзындығы 11,5 шақырымды құрайды. Жобаның жалпы құны 187,9 млн теңгені құрайды. Шаруашылық ауыз су құбыры тартылуда. Тұрғындардан шыдамдылық танытуды сұраймыз, өйткені су жергілікті тұрғындардың бәріне қажет", - деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985986-taldyqorganda-oqusylar-burqyldagan-san-kosemen-mektepke-baru-usin-ayagyna-polietilen-qap-kiip-zur-video/

pixel