Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түнде аяз болады": Алматы облысында үш баласы бар отбасы киіз үйді паналауға мәжбүр (видео)

Опубликовано:

киіз үй
Видеодан кадр: Алматы телеарнасы

Алматы облысының Әйтей ауылында үш баласы бар отбасы жарты жылдан бері киіз үйді паналауға мәжбүр. Балалардың ең кішісі үй айлық. Олар көпшіліктің көмегіне зәру.

Нұрмұхановтар жанұясының қазіргі жағдайымен танысу үшін Алматы телеарнасының тілшісі барып қайтты.

Олардың сөзінше, отбасы киіз үйді жаздан бері паналап келеді.

"Дастарханды алып тастап, кешке қарай төсек саламыз. Аяз. Түнімен кішкентай балаға уайымдаймын. Қалың көрпеміз де жоқ. Баяғыдай жаз емес. Түнде аяз болады", - деді көпбалалы ана Сандуғаш.

Сыз тартқан жерде ұйықтағандықтан бүлдіршіндердің қызуы көтеріліп, сырқаттанып қалған. Ал көпбалалы ана ретінде алып отырған жәрдемақыны дәрі-дәрмекке жұмсағандықтан, нанға жетпейтін көрінеді.

"Жарамсыз болып қалдық. 4 жерде грыжа бар, қолдарымның бәрі сынған, бармақтарым сынған. Осының бәрі қазір әсер беріп жатыр", - деді отағасы Самат Нұрмұханов.

45 жастағы ер адам денсаулығы сыр бермей тұрып дәнекерлеуші болып нәпақа тапқан. Тапсырыстар орындап, отбасын асыраған. "Еңбекке жарамсыз" болып қалғалы жүріп-тұруының өзі қиындай түскен.

Телеарна мәліметінше, біршама уақыт киіз үйде тұрып келген көпбалалы жанұя кеше, 5 қыркүйекте құрылысы бітпеген үйге көшті.

Нұрмұхановтар әулетінің жағдайын көрген Әйтей ауылдық округінің әкімі азық-түлікпен қамтамасыз етуге сөз берді. Алдағы уақытта көпбалалы анаға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселесін де қарастырмақ. Алайда олар паналаған үйге жылу кіргізу үшін қаражат бөлінбейтінін айтты.

"Бұл кісілердің жағдайын қазір ғана біліп отырмыз. Бұлар алдын ала әкімдікке хабарласпаған. Жақында көшіп келген. Енді көріп отырмыз жағдайды. Енді әкімдік тарапынан меценат, демеуші іздеп, көмектесуге тырысамыз", - деді Әйтей ауылдық округінің әкімі Жарқын Қатубаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986345-almaty-oblysynda-us-balasy-bar-otbasy-kiiz-uidi-panalauga-mazbur-video/

pixel