Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абаев елорданың бұрынғы атауын қайтару туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Бәйтерек
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс кулуарында Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Қазақстан астанасының бұрынғы атауын қайтару туралы ұсынысқа пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері бұған дейін бір топ депутат елорданың бұрынғы атауы – Астананы қайтаруды ұсынғанын еске салды. Дәурен Абаев депутаттардың өңірлерді аралап, халықпен кездесіп жатқанын айтты.

"Олардың қоғамдық пікірдің екпінінде екенін айтуым керек. Сондықтан осының бәрі ресми түрде рәсімделгенше күтейік. Содан кейін талқылаңыздар", – деді ол.

Министр 1 желтоқсан Тұңғыш президент күніне қатысты тиісті түзетулер қабылданса, жағдай қалай болады деген сұраққа да түсінік берді.

"Мемлекеттік рәміздер күні іспеттес болады. Шамамен сол мереке қалады. Ондай мереке болса, тиісті іс-шаралар өткізіледі. Жалпы, барлық мемлекеттік мерекені реформалау, оның ішінде Республика күнін қайтару қолдау тауып отыр", – деп түйіндеді сөзін Дәурен Абаев.

Естеріңізге салсақ, жуырда парламент мәжілісіндегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері "Астана" атауын Қазақстанның елордасына қайтаруды ұсынып, бұл тарихи әділ шешім болатынын атап өткен болатын. Бұл туралы жақында Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр да өз пікірін білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986640-deputattar-qogamdyq-pikirdin-tamyrynda-abaev-elordanyn-buryngy-atauyn-qaitaru-usynysy-turaly-aitty/

pixel