Депутаттар елорданың "Астана" атауын қайта қалпына келтіруді ұсынды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласы
Көрнекі фото: Pixabay.com

"Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері елорданың "Астана" атауын қайта қалпына келтіруді ұсынды. Олар бұл қадамның тарихи әділдік болатынын атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Конституциямызға өзгеріс енгізетін болсақ, онда осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ата Заңға тағы бір аса маңызды мәселені енгізу керек. Ол – елорданың атын қайта қайтару. Адамның көзі тірісінде қалаға оның есімін берген дұрыс деп есептемейміз және де қаланың жаңа атауын халықта қабылдамады.

Сондықтан тұңғыш президенттің өзі ұсынған Астана атауын қайта қалпына келтіру тарихи әділдік болар еді", - деп мәлімдеді депутаттық топ мүшелері.

Депутаттардың сөзінше, бұл тұңғыш президенттің бас қала құрылысын салдырудағы еңбегін бағалау және халықтың ұсыныс-пікірін де ескеру.

Одан бөлек, депутаттар ел президентін қайта сайлану құқығынсыз жеті жылдық бір мерзімге сайлау бастамасын қолдайтынын жеткізді. Осы ретте олар Конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынып отыр.

Еске сала кетейік, ел астанасы 2019 жылдың 23 наурызында ресми түрде Нұр-Сұлтан болып өзгертілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985996-deputattar-elordanyn-astana-atauyn-qaita-qalpyna-keltirudi-usyndy/