Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Он жыл дайындалған": Қазақстан тумасы Байқоңырдан ғарышқа ұшады

Опубликовано:

Байқоңыр
Көрнекі фото: pexels.com

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-22" басқарылатын ғарыш кемесі ұшырылмақ. Экипаж құрамында Қазақстанда туған Дмитрий Петелин бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылым мәліметінше, Байқоңырға келген екінші күні ХҒС-68 негізгі және резерв экипаждары алдағы ұшырылымға қатысатын елдердің туын көтерудің дәстүрлі рәсіміне қатысқан.

2022 жылдың 7 қыркүйегінде негізгі экипаж мүшелері – ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және NASA астронавты Фрэнк Рубио, сондай-ақ олардың дублерлары – Роскосмос ғарышкерлері Олег Кононенко, Николай Чуб және NASA астронавты Лорал О'Хара ғарыш айлағында бірінші рет жаттықты.

Олар "Сокол-КВ2" құтқару скафандрларын киіп, олардың герметикалығын тексерген.

Ю.Гагарин атындағы Ғарышкерлерді даярлау орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, сонымен қатар ғарышкерлер мен астронавтар өздері ұшатын "Союз МС-22" ғарыш кемесінің қызмет көрсететін жабдықтарын қарап шығып, ұшу бағдарламасын зерттеген және борттық құжаттама және ХҒС-қа жеткізілген жүктермен танысты.

Негізгі экипаж командирі – Сергей Прокопьев.

№1 ғарыш кемесінің бортинженері, Қазақстан тумасы Дмитрий Петелин Қостанай қаласында дүниеге келген, жасы 39-да. Ол қаладағы техникалық-экономикалық лицейді бітіріп, содан кейін Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің аэроғарыш факультетінде білім алып, ұшақ және тікұшақ құрастыру инженері мамандығын меңгерді.

Петелин ғарышкерлер жасағында 2012 жылдан бері жұмыс істейді және бұл оның мансабындағы алғашқы ұшырылым болмақ.

Экипаждың үшінші мүшесі – американдық астронавт Фрэнк Рубио. Ол 46 жаста және әскери хирург әрі АҚШ армиясының подполковнигі.

Теориялық космонавтиканың негізін салушы Константин Циолковскийдің атымен аталған "Союз МС-22" басқарылатын ғарыш кемесі осы жылдың 21 қыркүйегінде Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңынан ұшырылады деп жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986985-on-zyl-daiyndalgan-qazaqstan-tumasy-baiqonyrdan-garysqa-usady/

pixel