jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбеде туды өртеген мемлекеттік мекеме қызметкерлері түсінік берді

көк ту
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ақтөбеде мемлекеттік мекеме ауласында ту өртеп жатқандар әрекеті желіде тарап кетті. Желі қолданушылары мемлекеттік рәміз атрибуттарына жататын тудың ашық жағылуына түсінбестік танытты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл видео әлеуметтік желіге тарап, көпшілік ашуын туғызды.

“Бүлінген туды турап өртеу керек еді. Бірден өртегенге қарсымын. Тұтастай өртеп жіберетін соғыс емес қой”, “Олай өртемейді, туды белгілі өлшемде қию керек. Содан кейін өртейді”, “Тұтастай өртегені несі” деп қарсылық білдіргендер болды.

Белгілі болғандай, туды өртегендер Ақтөбедегі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті болып шықты. Департамент басшысы ғимарат маңдайшаларында тұрып ескірген, бояуы өңген туларды бүгін жаққандарын жоққа шығармайды.

"Жағдай бүгін түске дейін болды. Департаментке бағынышты мекемелерден жиналып алынған 63 дана ескі ту жағылды. Ұзақ уақыт пайдаланғаннан жарамсыз болған туларды қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртеу жолымен жойылды. Барлығы заң талаптарына сай департамент ауласында жағылды. Тертториядан шығарып, қала ортасында жаққан жоқпыз",- деді Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Қаблан Қамбарбеков.

Басшысының айтуынша, аулада жағылған 63 дана ту департаментке бағынышты 29 мемлекеттік ғимараттан жиналған.

Автор: Ардақ Ерубаева

Ақтөбеде туды өртеген мемлекеттік мекеме қызметкерлері түсінік берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.