Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сұйытылған газ жоқ": Ақтөбе облысындағы бекеттерде автогаз талон арқылы ғана берілуде

Опубликовано:

Газ құю бекеті
Газ құю бекеті. Көрнекі фото: Pixabay.com

Ақтөбе облысында автогаз тапшылығы сезіле бастады. Өңірдегі бекеттердің көбінде сұйытылған газ жоқ. Ал қалғандары талонмен ғана беріп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телерананың хабарлауынша, Ақтөбедегі газ құятын бекеттер есігін жауып, "газ жоқ" деген жазуы бар тақтайша іліп қойған. Тек кейбірінде талонмен сұйытылған газ беріп жатыр. Бұл аймақта көліктердің тең жартысы автогазбен жүреді. Осы айда облысқа небәрі 10,5 мың тонна сұйытылған газ бөлген.

"Облыста үш бірдей газ өңдейтін зауыт бар. Соның игілігін көре алмаймыз отырмыз. Қосымша "Qazaq oil" бөлген 700 тонна газдың 350 тоннасын Қызылордаға беріп жатыр. Қызылордалықтар оны көлікпен тасып алып кете алмайды. Сондықтан үстіне ақша қосып сатып жібереді. Неге Ақтөбедегі зауыттар өндірген газды өзімізге бермейді?", - дейді телеарнаға пікір білдірген Ақтөбе облысы газ тасымалдаушылар қауымдастығының төрайымы Алтынай Мұқанова.

Телеарна мәлім еткендей, әкімдіктегілер де энергетика министрлігіне Ақтөбе облысында өндірілген газ өңірде қалдыру туралы өтініш айтқан.

"Өзіміздің жергілікті жерде тұрған өндіріс зауыттарынан неге Ақтөбе облысы алмасқа. Әрине, бұл жерде Қызылорда, республиканың басқа қалаларын жабдықтау мақсаты тұр. Энергетика министрлігінің берген жауабы осындай. Олардың көлемі де осындай", - дейді Ақтөбе облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев.

Теларнаның хабарлауынша, енді жергілікті шенеуніктер энергетика министрлігінен қосымша мың тонна автогаз сұрап отыр. Оны бергеннің өзінде Атыраудағы зауыттан жеткізу керек. Ал тасымалдаушылар ондағы газдың тоннасы 700-800 долларға шығатынын айтқан. Онымен қоса жеткізу де қиынға соғуы мүмкін.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987429-suiytylgan-gaz-zoq-aqtobe-oblysyndagy-beketterde-avtogaz-talon-arqyly-gana-berilude/

pixel