jitsu gif

Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына пәтер берілді

Абай облысы
Фото: NUR.KZ

Абай облысында қызметтік борышын орындау барысында қаза тапқан Айдос Тоғызбаевтың отбасына үш бөлмелі пәтер берілді. Сондай-ақ, өңір әкімі Нұралан Ұранхаев жедел жәрдем көлігі келгенше тілсіз жаудан зардап шеккен үш өрт сөндірушіге алғашқы медициналық көмек көрсеткен Қуат Байғазиновқа да алғыс хат жолдады, деп хабарлайды хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі "Фирма Азия" ЖШС марқұмның отбасына "Қарағайлы" шағынауданынан үш бөлмелі пәтерді сыйға тартты.

Ал Айдос Тоғызбаевпен жалынның құрсауында қалып зардап шекен екі өрт сөндіруші президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен марапатталды.

"№14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Амангелді Тұрлыбеков 3-ші дәрежелі "Айбын" орденімен, ал өрт сөндіруші Нұрлан Сәлімжан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды",- деді баспасөз қызметі.

орден
Фото: NUR.KZ

Айта кетейік, Жарма ауданы Бозжыра ауылдық округінде дала өртін сөндіру кезінде Айдос Тоғызбаев қаза тапқан еді. Ал сол сәтте, оның екі әріптесін күйік шалған. Қаза тапқан 36 жастағы сержанттың артында бес баласы мен жары қалды.

Авторы: Елжан Нұрболат

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.