jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Еліміздің 16 өңірінде бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның 16 өңірінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды. Олардың қатарында үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, балалар құқығын қорғауда тәжірибесі бар азаматтар бар, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі ресми сайтында.

Ведомство хабарлағандай, бұдан былай бала құқығы мен мүддесі бұзылған жағдайда ата-аналар, балалар және басқа да кез келген азаматтар өз аймағындағы уәкілдің көмегіне жүгіне алады. Ал кандидаттар облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің шешімімен тағайындалады.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдарды қарайды. Олар сондай-ақ балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын ілгерілетуге қатысады.

Сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі омбудсмендер балаларға арналған ұйымдарға кедергісіз кіре алады. Сондай-ақ олар қоғамдық негізде жұмыс істейді.

"Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Абай, Алматы облыстарында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Ал қалған 4 облыста кандидаттар тізімі әлі қаралып жатыр. Біз комитет өкілдері ретінде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдермен белсенді жұмыс істейміз", - дейді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.

Еске сала кетейік, елімізде бала құқықтары жөнінде уәкіл тағайындалатыны жөнінде тамыз айында айтылған еді.

Еліміздің 16 өңірінде бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.