jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қостанай облысындағы өртке қатысы бар деген күдікпен 1 адам ұсталды

    Қостанай облысындағы орман өрті/Видеодан кадр
    Қостанай облысындағы өрт/Видеодан кадр: Төтенше жағдайлар министрлігі

    Қостанай облысындағы өртке қатысы бар деген күдікпен бір адам қамауға алынды. "Басаман" орман шаруашылығының басшысына "лауазым өкілетін теріс пайдаланып, салдары ауыр зардапқа әкеп соқтырды" деген айып тағылған, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Қазіргі уақытта облыстық прокуратура табиғи апатқа байланысты үш бірдей қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

    Құзырлы органның мәліметінше, алапат өрт Қостанайдағы "Басаман" орман шаруашылығында басталған. Сол уақытта мекеме басшысы "От тұтанған аумаққа орманшылар бармаған" деп ашық айтқан.

    Қазір күдікке ілінген Асхат Жақашев "Бесінші дәрежелі өртпен күресуге қауқарсызбыз" деген. Осыдан соң өрт күшейіп, тұтас Әулиекөл ауданына таралған.

    "Әулиекөл ауданында орман қорының өртену фактісі бойынша биыл 4 қыркүйектен бастап прокуратурамен қылмыстық кодекстің (202-бабының 3-бөлігі)ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірілген біреудің мүлкін қасақана бүлдіру және қылмыстық кодекстің (341-бабы 2-бөлігі) ормандарды жою немесе бүлдіру баптары бойынша қылмыстық іс тергелуде.

    Свежая публикация по теме:
    Қостанай облысындағы өртке тракторшы кінәлі деп танылды

    Сот шешімімен 15 қыркүйекте мекеме басшысына (Басаман - ред) күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы енгізілді. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда", - деді Қостанай облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрсұлтан Сатубалдин.

    Айта кетейік, өрт сөндірушілер бір апта бойы сөндірген қызыл жалын 43 мың гектар орман алқабы мен 91 үйді жалмады.

    Өрт сөндіру кезінде бір адамның мәйіті үйіндінің арасынан табылды.

    Екі мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

    Үйі мен дүние-мүлкінен айырылған жандарға қазір жаңа үй салынып жатыр.

    Өрттен зардап шеккен ауыл ағайынына елдің түкпір-түкіпірінен гуманитарлық және қаржылай қолдау көрсетіліп жатыр.

    Қостанай облысындағы өртке қатысы бар деген күдікпен 1 адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.