jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Шығын 13 млн теңгеден асады": Алматыда Gakku Дауысы фестивалі кезінде көрермендер 94 мыңға жуық гүлді таптап тастаған

Мамандар "Астана" алаңында жойылған гүлдерді қайта отырғызуда
Мамандар "Астана" алаңында жойылған гүлдерді қайта отырғызуда. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Таяуда Алматы қаласының "Астана" алаңында Gakku Dauysy 2022 фестивалі өтті. Фестиваль кезінде көрермендер іргелес аумақтағы жасыл желектерге айтарлықтай зиян келтірген, деп хабарлайды қала әкімдігі ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, Экология және қоршаған орта басқармасының бағалауы бойынша, барлығы 94 мыңға жуық гүл тапталған. Олардың ішінде:

  • 913 шаршы метр біржылдық өсімдіктер;
  • 326 шаршы метр көпжылдық өсімдіктер;
  • 117 шаршы метр раушан гүлдер.

Шығын сомасы 13 млн теңгеден асады.

"Астана" алаңында көрермендер таптап тастаған гүлдер. Фото
"Астана" алаңында көрермендер таптап тастаған гүлдер. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Сонымен қатар Алмалы ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша, 13 орындық, 1 жарық бағанасы, гранит урнасы мен екі камераның негізі қираған.

"Астана" алаңында көрермендер таптап тастаған гүлдер
"Астана" алаңында көрермендер таптап тастаған гүлдер. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

"Сондықтан Алматы қаласының әкімдігі еліміздің мәдени орталығы болып табылатын мегаполистің тұрғындары мен қонақтарынан жасыл желектерге және гүлдерге ұқыпты қарауды, сондай-ақ қаланы абаттандыру мен көгалдандырумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін құрметтеуді сұрайды. Келтірілген залал қала әкімдігінің күшімен қалпына келтіріледі, жаңа өсімдіктер қысқа мерзімде отырғызылады", - деп қосты ведомстводан.

"Астана" алаңында көрермендер таптап тастаған гүлзар
"Астана" алаңында көрермендер таптап тастаған гүлзар. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы әкімдігінің дерегінше, күн сайын қала аумағын суару мен көгалдандыру жұмыстарына 300-ге жуық маман мен 80-нен аса арнайы техника жұмылдырылады.

Биыл қаланы декративті көгалдандырудың жалпы аумағы 159 мың шаршы метрді, ал газон аумағы - 26 мың шаршы метрді құраған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.