Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында қаңғыбас иттер өрістегі малға шабуылдай бастаған

Опубликовано:

Бұралқы ит
Бұралқы ит. Фото: pixabay.com

Павлодар облысында қаңғыбас Риттер өрістегі малға шабуыл жасай бастаған. Тұрғындар қазір балаларды бұралқы иттен қорғау мақсатында мектепке алып барып, күтіп алуды әдетке айналдырған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жергілікті тұрғындар енді жабайы иттердің қыста қораға түсуінен қауіптенеді. Сондықтан билік өкілдерінен бұралқы иттердің көзін құртуды талап етуде.

"Балаларды мектепке ертіп апарып, ертіп әкелеміз. Өйткені өте қауіпті. Адамның көзінше қойды талап жатқан бұралқылар балаларды аяйды дейсің бе? Бала түгілі, өзіміз көшеде жалғыз жүруден қалдық", - дейді Таволжан ауылының тұрғыны Наталья Бабич.

Соңғы жарты жылда тұрғындар жарты жылда 50-ге тарта малдан айырылып, шамамен 2 млн теңге шығынға ұшырапты. Бірақ итті атуға заңмен тыйым салынғандықтан, өздігінен еш шара қолдана алмайды.

"Қаңғыған иттер өте қорқынышты. Адам екен деп именбейді, талап тастауға дайын. Көз алдымда қойдың туталақайын шығарды. Дым істей алмай қалдым. Өйткені иттер көп болды. Полиция, прокуратуға шағым түсірдік, бірақ нәтиже жоқ", - деді ауыл тұрғыны Сәкен Рахымжанов.

КТК арнасының мәліметінше, төрт мыңнан аса тұрғыны бар ауылдағы жергілікті билік иесіз жануарларды атуға заңмен шектеу енгізілгенін айтқан. Оларды тек аулап, стерильдеуге рұқсат бар. 

"Бұл өте қиын жағдай. Біз қолдан келгеннің бәрін жасадық. Тұрғындардың шағымымен ветеринарлар төрт мәрте келіп, ит аулаған. Жалпы саны 50-ге тарта бұралқы итті алып кетті", - деді Равнополь ауыл округінің әкімі Мұхтар Ысқақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988776-pavlodar-oblysynda-qangybas-itter-oristegi-malga-sabuyldai-bastagan/

pixel