Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін неміс қызы жайлы не білеміз

Опубликовано:

Карина Роот
Карина Роот. Видеодан кадр: Астана арнасы

Елімізде қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілі көп. Солардың бірі - Көкшетау мектептерінің бірінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беретін неміс қызы Карина Роот. Карина мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оның қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосып жүр, деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарна мәліметінше, Карина қазақы ортада тәрбиеленген. Сондықтан ол мемлекеттік тілді тез меңгерген.

Қазір қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Жас маман ана тілінің құндылығы мен құдіретін ұрпақ санасына сіңіруді масқат тұтатынын айтады.

"Қазақы ортада өскендіктен тілді тез үйреніп, қазақ мектебін бітірдім. Сонымен қатар қазір Көкшетау қаласы жас педагогтер одағының төрайымы болып табыламын. Яғни, жас педагогтердің алдына келген қиындықтарды шешуге қол ұшымды тигіземін", - дейді Карина Роот.

Карина бала күнінен ұстаз болуды армандаған. Оны бұған қазақ тіліне деген сүйіспеншілік пен балаға деген махаббаты жетелеген. Ұлты басқа болса да, қазақ тілінде ерік сөйлейтін неміс қызы Қазақстанда өмір сүретін әр адам мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін қолдан келгенше аянбау керек деп санайды.

"Кішкентай кезімнен бастап қазақ тілін сүйіп оқыған болатынмын. Мектеп қабырғасынан бері мұғалім мамандығын таңдап, сол бойынша білім алып, өзімнің арманыма қол жеткіздім. Бүгінгі күні мұғалім болып қызмет атқарамын. Биыл екінші жыл мұғалім болып қызмет атқарып жатқаныма", - дейді Карина.

Авторы: А.Задабек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988843-koksetauda-qazaq-tili-men-adebieti-paninen-sabaq-beretin-nemis-qyzy-zaily-ne-bilemiz/

pixel