Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенат 25 қазанды Республика күні ұлттық мерекесі ретінде белгілейтін заңды қабылдады

Опубликовано:

Тәуелсіздік монументі
Тәуелсіздік монументі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Палатаның жалпы отырысында сенат спикері Мәулен Әшімбаев "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түзетулерге сәйкес, Республика күні мемлекеттік мереке ретінде 25 қазанға және Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде 16 желтоқсанға белгіленген.

"Осы заңға сәйкес 25 қазан - Республика күні, мемлекеттік мереке болып бекітіледі. Бұл - тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады.

Сондықтан бұл күнді мемлекеттік мереке ретінде бекіту мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады. Болашақта бұл мереке тәуелсіздікті дәріптеп, нығайтуға септігін тигізеді деп сенеміз", - деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мерекелер тойланатын күндер еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері болып есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989054-elimizde-25-qazan-respublika-kuni-bolyp-qaita-atap-otiletin-boldy/

pixel