jitsu gif

Қостанай облысындағы өрт: Тоқаев өрт сөндірушілер мен еріктілерді марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев қол қоюда
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы" жарлыққа қол қойды. Наградамен Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге қатысқан құтқарушылар мен еріктілер марапатталды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Әскери және қызметтік борышын атқару кезіндегі жанқиярлығы және төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін "Ерлігі үшін" медалімен:

  • Ахметқалиев Сұлтан Сәкенұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
  • Әбуқалық Азат Рысқалиұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі;
  • Әкім Алдияр Ермекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;
  • Бағытжанов Нұрсұлтан Жұмашұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №23 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
  • Базаров Ержан Оралханұл – Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің командирі;
  • Байбөгенов Аслан Тәуекелұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №15 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
  • Бауэр Алексей Александрович – ерікті;
  • Боромбаев Айдос Сағынайұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №21 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі;
  • Ержанов Айбек Ахметбекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің командирі;
  • Жапаров Самат Таласпайұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
  • Жолдасов Нұрсұлтан Өмірсерікұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;
  • Қайыров Қуанышбек Жұмабайұлы – Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығының 5510 әскери бөлімінің сержанты;
  • Махамбетов Алмат Арыстанбекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №18 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі;
  • Мусин Абай Боранбайұлы – Ішкі істер министрлігінің Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының старшинасы;
  • Рахин Ербол Қайырбайұлы – ерікті;
  • Төлеухан Әнуар Жанатұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
  • Флейтлинг Александр Аликович – Қорғаныс министрлігінің 31775 әскери бөлімінің материалдық-техникалық ротасының трактор жүргізушісі;
  • Хасенов Мұрат Қалиханұлы – "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компания" АҚ өрт сөндіру пойызының бастығы;
  • Шайсұлтанов Медет Еркінұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
  • Щурихин Максим Сергеевич – Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі наградталды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, "Ерлігі үшін" медалімен барлығы 20 адам марапатталған. Сондай-ақ мемлекет басшысы 48 азаматқа алғыс жариялаған.

Қостанай облысындағы өрт: Тоқаев өрт сөндірушілер мен еріктілерді марапаттады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.