Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада қала күні аясында "Кітап Fest" фестивалі өтті

Опубликовано:

"Кітап Fest" фестивалі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қызылорда қаласы күні мерекесінің кезекті тағылымды шарасы "Өнер арбаты" бойында өткізілді.

Қала әкімі Асылбек Шаменов кітап көрмесі мен сатылым акциясына, сондай-ақ "Буккроссинг" кітап сөресінің ашылу салтанатына арнайы қатысты.

Асылбек Шаменов "Кітап Fest" фестивалінде
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қатысушылар Өнер арбатын бойлай орналасқан "Өткені сырлы, келешегі нұрлы - Қызылорда" атты кітап көрмесі мен кітап жәрмеңкесін аралап, тамашалады.

Фестиваль аясында Алматы қаласынан "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қоры және Түркістан қаласынан "Мазмұндама" қоғамдық қоры, сондай-ақ облыс орталығындағы "Кітап ал" кітап дүкені өз кітаптарын сатылымға шығарып, кітап мерекесінің көрігін қыздырды.

"Кітап Fest" фестивалі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Кітап жәрмеңкесін көріп болған соң қала әкімі бастаған құрметті қонақтар "Буккроссинг" өзің оқысаң, өзгеге табыс ет қағидасына негізделген кітап сөресінің ашылу салтанатына қатысып, кітапхананың үздік оқырмандарын марапаттады.

"Кітап Fest" фестивалі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Содан соң шаһар басшысы Асылбек Шаменов, қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр тарланы, режиссер Хұсейн Әмір-Темір бірге кітап сөресінің лентасын қиып, арнайы кітапшаға өз лебіздерін жазып қалдырды.

"Кітап Fest" фестивалі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Кітап мерекесі ары қарай қалалық кітапханалардың мәдени шарасы мен "Bookathon" зияткерлік сайысына ұласты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989176-qyzylordada-qala-kuni-ayasynda-kitap-fest-festivali-otti/

pixel