jitsu gif

Елімізде "Өзін-өзі тану" пәнін мектеп бағдарламасынан алып тастау жоспарлануда

Кітап пен планшет
Кітап пен планшет. Көрнекі фото: Pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігі "Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын" мектеп оқушылары үшін міндетті пәндер тізімінен алып тастау туралы бұйрық жобасын дайындады. Құжат "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қоғамдық талқылауға арналған құжат бір күн бұрын, 21 қыркүйекте порталда жарияланды. Талқылау алдағы 5 қазанға дейін жалғасады.

Авторлар "Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі №522 бұйрығының күші жойылды деп тануды сұрайды.

Аталған бағдарлама қосымша білім беру мен оқудан тыс қызмет мазмұнының адамгершілік-рухани аспектісін күшейтуге бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың ақпан айында желіде "өзін-өзі тану" пәні оқуға міндетті пәндер тізімінен алынады деген ақпарат тараған еді.

Сол кезде БҒМ өкілдері "өзін-өзі тану" пәнін мектепте оқуға міндетті пәндер тізімнен факультативті санатқа ауыстыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтқан болатын.

Елімізде "Өзін-өзі тану" пәнін мектеп бағдарламасынан алып тастау жоспарлануда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.