Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"4 өткізу пунктінде кептеліс байқалуда": ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы ахуалға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

жолаушы
Жолаушы. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан-Ресей шекарасындағы ахуалға қатысты еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі пікір білідірді. Ресми ақпарат ведомствоның сайтында жарияланды.

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан.

"30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеуде. Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс байқалуда. Ахуал ерекше бақылауда.

Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және Қазақстанның ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасап, елде ішінара мобилизация жариялады.

Кейбір ресейліктер бұған наразылық танытып, кейбірі елден кетуге тырысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989228-uqk-qazaqstan-resei-sekarasynda-elge-kirip-zatqan-setel-azamattarynyn-sany-artqanyn-aitty/

pixel