Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлым үшін кредитке батып жатырмын": Түркістандық ана алты жасар баласын емдету үшін еш қаражат таба алмай отыр

Опубликовано:

Нұржігіт Тоқтарбай алты жасында әлі сөйлей алмайды
Нұржігіт Тоқтарбай. Фото: жеке мұрағат

Түркістандық Нұржігіт Тоқтарбай санаулы күндерден соң алты жасқа толады. Алайда ол өз қатарластары секілді мектепке баруға асығар емес. Себебі әлі күнге дейін тілі шыққан жоқ, одан бөлек, басқалардың өзіне айтқан сөзін түсінбейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі таңда Нұржігіт анасымен бірге Ташкент қаласында ем алып жатыр. Өкінішке қарай, баласын емдету үшін қарызға батқан ана дәрі-дәрмегін алатын, тіпті, елге қайтатын ақша таппай, қиналып отыр.

"Нұржігіт 2 жасына дейін жақсы дамыды. Сөйлем құрастырып сөйлейтін. Кейін мұның бәрі жоғалып кетті. Қалай екіге толды, ештеңе түсінбей, "әке, ана" деген сөздерді де айтпай қалды. Туылған кезде ұлымда билирубин өте жоғары болды, бірақ оны уақытылы емдедік. Тіпті, арнайы лампаны үйге әкеліп, емделіп, анализдерін жақсартқан едік. Екпесін де қалдырмай алдым. Бірақ бұл сынақ не үшін екенін білмеймін, қазір алтыға келген ұлым өздігінен дәретханаға бармайды, бір ауыз сөйлемейді. Ал оның қатарластары мектепте оқып жүр. Мұның бәрі жаныма батады", - дейді Нұржігіттің анасы Айгерім Дәрібаева.

Дәрігерлер Нұржігітте аутизм белгілері барын айтқан. Қазір олар Ташкентте емделіп жатыр.

"Баламды апармаған жерім жоқ. Логопед, дефектолог, АВА терапияның неше түрін көрдік. Мұның бәрі үлкен қаражатты талап етеді. Ішпеген дәріміз, алмаған екпеміз қалмады. Тіпті, қорқып қалған болар деген күдікпен емшілерге де апардым. Ешкімнен көмек жоқ. Мидағы нейрондарды токпен оятатын түрлі процедураларды жасау үшін несие мен микроқарыздар алдық қаншама... Ташкентке келу үшін де ақша таппай, кредит алып кеттім. Бар ақшамыз осы баланы емдеуге кетуде. Туыстар мен басқалардан көмек жоқ. Ұлым қатарына қосылса деп, күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылдым. Өз еркімен тамақ іше алмайда, әлі күнге дейін жөргекпен жүреді. Мұндағы курсымызды жалғастыру үшін ақшалай көмекке зәрумін. Ешкімді баламен сынамасын, жұмада қол ұшын созыңыздаршы", - дейді Айгерім

Реквизиттер:

Kaspi Gold: 8 778 515 78 90, Айгерім Дәрібаева

ЖСН: 90 03 05 40 16 95

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989241-ulym-kusin-kreditke-batyp-zatyrmyn-turkistandyq-ana-alty-zasar-balasymen-elge-qaita-almai-otyr/

pixel