Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"TOEFL және IELTS сияқты форматқа көшуіміз мүмкін": Министр ҰБТ қалай өзгеретінін айтты

Опубликовано:

Тест тапсыратын орын
Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде ҰБТ тапсыру тәртібі мен емтихан сұрақтарын жетілдіру бойынша қандай шараларды атқару жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Саясат Нұрбек соңғы бірнеше жылда ҰБТ тапсыруда ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өте маңызды шаралар қабылданғанын еске салды.

"Біз ҰБТ форматын, дәлірек айтсақ, оның мазмұнын қайта қарап жатырмыз. 2020 жылдан бастап Кембридж университетімен ҰБТ сұрақтарының форматын тек "дұрыс немесе бұрыс" деп жауап беріп қана қоймай, оны талапкердің функционалдық сауатын, түсінігін, қаншалықты жүйелі дайындалғанын көрсететін және білімдегі олқылықтардың бар-жоғын тексеруге бағытталған тест ретінде қайта қарау жобасы басталды. Бұл үлкен жұмыс аяқталуға жақын. Келесі жылы біз оны аяқтаймыз, жаңа әдістемелік сұрақтар пакеті дайындалды.( ...)

Келесі жылы ҰБТ сәл басқа үлгіде, сапалы сұрақтармен толықтырылып өтеді", - деді министр.

Саясат Нұрбек ҰБТ тапсыру форматын қайта қарау бойынша жұмыс қатар жалғасатынын атап өтті.

"Талапкерлер тест тапсыратын уақыт пен орынды өздері анықтап, ҰБТ-ны екі рет тапсырады (екі мүмкіндігі бар – ред. ескертпесі). Біз бұл формат келесі жылы да жалғасатынын алдын ала хабарлап қойдық. Болашақта ҰБТ форматын TOEFL және IELTS сияқты форматқа көшіруіміз мүмкін. Өзіңізге ыңғайлы уақытта келіп, дайындалып, ыңғайлы жерде тапсырып, біліктілігіңізді растайсыз. Сонымен университетке құжат тапсыруға барасыз Бірте-бірте біз осындай форматқа келеміз", - деп сендірді Саясат Нұрбек.

Сонымен қатар, министр гранттарды жоюдың қазіргі жүйесін әділетсіз деп атады және бұл процедураны қайта қарау жоспарына тоқталды.

"ҰБТ-дан кейін бірнеше сағатқа созылатын бейнежазбаны адамдар көріп отыруы қажет. Мұны автоматтандыруымыз керек. Ереже бұзушылықтарды сол жерде анықтаудың тетіктері мен әдістемелері бар. Британиялық кеңесте TOEFL және IELTS тапсырғандар біледі - онда проктор жүреді (прокторинг - онлайн емтихан немесе тестілеуді бақылау процедурасы, мұнда бүкіл процесті әкімші бақылайды - проктор - ред.) Ережені бұзған бойда олар сізге келіп, "Кешіріңіз, сіз алдын ала қол қойған ережелерді бұздыңыз, сондықтан бөлмеден шығуға мәжбүрсіз" дейді. Біз бұл модельге келесі жылы келеміз", - деп түйіндеді министр сөзін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989371-toefl-zane-ielts-siyaqty-formatqa-kosuimiz-mumkin-ministr-ubt-qalai-ozgeretinin-aitty/

pixel