jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жауын-шашын, найзағай: Апта басында еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

жауын
Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер ауа райының қолайсыз болатынын ескертеді. Бүгін, 26 қыркүйекте Астана мен Шымкентте жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматыда ауа райы болжамы бойынша бүгін жауын-шашын жоқ, термометр бағаны +29...+31 градусқа дейін көтеріліп, желдің жылдамдығы 3-8 м/с дейін жетеді.

Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі. Синоптиктер ауа температурасының күрт төмендеуін, яғни +19...+21 градус болатынын болжап отыр. Сондай-ақ елордада желдің жылдамдығы 9-14 м/с дейін күшеюі мүмкін, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жететіні ескертілді.

Шымкентте де қолайсыз ауа райы күтілуде. Қалада найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Термометр бағаны күндіз +30...+32 градусты көрсетеді.

Жауын-шашын, найзағай: Апта басында еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.