Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонаев қаласында алғашқы рет "Офицерлер балы" ұйымдастырылды

Опубликовано:

Бал
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Қонаев қаласында алғашқы рет "Офицерлер балы" ұйымдастырылды. Игі бастама ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және Д.Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – әскери азаматтарды әдептілікке, ұстамдылыққа баули отырып, жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу, әскери қызметтің беделін арттыру, жас офицерлердің жоғары білімі мен жоғары мәдениетін көрсету.

Бал
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Жалпы, офицерлер балы – әскерилер арасында ежелден қалыптасқан үрдіс. Қай заманның әскерилері болмасын, жылына бір мәрте бас қосып, салтанатты кеште би билеп, көңіл көтеруді міндет санаған. Жоба әскери қызметшілердің бірнеше ұрпағын, оның ішінде кадет сыныптарының оқушыларын, түрлі ведомстволардың әскери қызметшілерін және Қарулы Күштердің ардагерлерін бір ортаға біріктірді.

Бал
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Іс-шараға тек үздік деп танылған 25 офицер іріктеліп алынды. Әдетте қатаң тәртіпке бой үйреткен офицерлер бұл кеште ару қыздармен бірге вальс билеп, эстетикалық әдеміліктің үлгісі бола білді. Сондай-ақ, вена вальсі мен ерекше концерттік бағдарлама кештің сәнін келтірді.

Бал
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Мерекелік шараның соңында кештің "Ханзадасы мен ханшайымы" номинациясының жеңімпаздары болып Нұрқас Мадияр мен Бекбосынова Айнұр лайықты деп танылса, ал "Көрермен көзайымы" номинациясын Мадихан Айдар мен Ержанова Мөлдірге бұйырды.

Бал
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Шара соныңда жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етіліп, тәж кигізілді. Осындай тарихы тереңде жатқан мерекелік шараға жиналған қала жұртшылығы кештен ерекше әсер алып қайтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989568-qonaev-qalasynda-algasqy-ret-oficerler-baly-uiymdastyryldy/

pixel