Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік техникалық қызмет: Қазнетке кибершабуыл жасалды

Опубликовано:

Алаяқ
Көрнекі фото: Polisia.kz

Бірнеше күннен бері интернеттің қазақстандық сегментіне шетелден шабуыл жасалуда. Бұл туралы "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ ресми сайты хабарлады.

"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ интернеттің қазақстандық сегментіне бірнеше күннен бері кибершабуыл жалғасып жатқанын хабарлайды. Мақсатты кибершабуылдар елдің мемлекеттік органдарына да, Қазнет инфрақұрылымына да бағытталған. Кибершабуылдар салдарынан интернетке қосылуда кідіріс орын алуда. "МТҚ" АҚ ұзақ мерзімді кибершабуылдар елде және әлемде болып жатқан қоғамдық оқиғалармен байланысты деп болжайды", - делінген хабарламада.

Техникалық қызмет қазақстандықтарға ақпараттық қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда бұл туралы 1400 тегін телефон нөміріне хабарласуды немесе Telegram чатына сұрау жіберуді ұсынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990024-memlekettik-texnikalyq-qyzmet-qaznetke-kibersabuyl-zasaldy/

pixel