Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЖСН үшін ұзын-сонар кезек: жүздеген ресейлік Астанадағы "Жастар" сарайына жиналды

Опубликовано:

Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да
Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Астананың оң жағалауындағы "Жастар" сарайына ЖСН-ге тапсырыс беру және алу үшін жүздеген ресейлік жиналды. Бұған дейін бұл қызмет Сауран 7 көшесіндегі ХҚКО-да көрсетілген болатын. Алайда адамның көптігіне және ауа райының нашарлауына байланысты қызмет көрсету "Жастар" сарайына ауыстырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осы орайда NUR.KZ тілшілері "Жастар" сарайындағы ахуалмен танысып қайтты.

Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да
Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Сарай ғимаратына кірген бойда ұзын-сонар кезекте тұрған жүздеген адамды байқауға болады.

Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да
Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да
Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Таблода түске дейін 2000-нан астам азаматқа қызмет көрсетілгені жазылып тұрса, сол сағатта кезекте шамамен тағы соншалықты адам тұрды.

ХҚКО-да табло
ХҚКО-да табло. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да
Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Бүгін Астанадағы ауа райына байланысты көшеде кезекке тұру мүмкін емес. Елордада қар аралас жаңбыр жауып, күн суытып кеткен.

Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да
Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Алайда "Жастар сарайында" жағдай әлдеқайда жайлы, мұнда жылы, отыратын орындар бар әрі тегін шай берілуде.

Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да
Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Осы ретте NUR.KZ тілшісі ЖСН алушы ресейлік азаматтармен әңгімелесіп көрді. Олардың бірі - Новосібірден келген 30 жастағы Никита есімді жігіт.

Айтуынша, елде ішінара мобилизация жарияланған соң отбасымен бірден басқа мемлекетке кетуді ұйғарған.

"Әйелім мен қызым үшеуміз Қазақстанға ұшуды ұйғардық, өйткені, мені әскерге шақыра ма деп қорықтық. Негізі әскерде болғам. Бүгінде туристік фирмада менеджер болып жұмыс істеп жатқанмын.

Мобилизация туралы естігенде, біз сол күні бірден шешім қабылдап, билет сатып алдық. Нақты қанша екені есімде жоқ, бірақ айтарлықтай сома болғанын білем, өйткені, дәл сол кезде барлығы билет сатып ала бастаған еді.

Қазір біз ЖСН алып жатырмыз, осыдан кейін жұмыс іздейміз. Өзіміздің жинаған қаражат жалға пәтер алуға жетті. Астанадан бір бөлмелі пәтерді 200 мың теңгеге әрең таптық", – дейді Никита.

Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да
Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

"Мен ЖСН алу үшін кезекте тұрмын, бұл маған жұмыс табу үшін қажет. Енді қол қусырып отыра алмаймыз, өмір сүру керек қой. Қазір досым екеуміз қонақүй жалдадық. Екі күннен кейін ол жақтан шығуымыз керек, шынымды айтсам, қайда барарымды білмеймін. Қазір баспана іздеп жатырмыз, бәрі қатты қымбат, негізі көшуге дайын емес едім", – дейді 23 жастағы Всеволод.

Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да
Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

"Астанаға досым екеуміз келдік, шекарадан автокөлікпен өттік. Бірнеше күннің ішінде Қазақстанға барып, біраз уақыт сонда тұрғанымыз дұрыс деп шештік. Мобилизация жағдайы түсініксіз, шақыру қағазы бізге келген жоқ, бірақ сонда да жағдай белгісіз, аяқ астынан алып кетсе ше. Мен соғысқым келмейді, о бастан кез келген әскери қақтығысқа қарсымын", – дейді тобылдық Роман.

Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да
Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Ал омбылық Кирилл мен Давид Ресейдегі жоғары оқу орнына түсе алмаған, мобилизация туралы естігенде бірден елден кетуге бел буған.

Санкт-Петербургтан келген Владимир мен Карим достарына қалай шақырту келгенін көріп, енді мұндай күйді өздері басынан кешкісі келмегенін айтады.

Марк болса өз Отанының саясатын қолдамайтынын, сондықтан Ресейде өмір сүргісі келмейтінін жеткізді.

Барнауылдан келген Артур заңдардың күшеюінен және ертеңгі күнге деген сенімсіздіктен моральдық тұрғыдан шаршағанын атап өтті.

Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да
Ресейліктер Астанадағы ХҚКО-да. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

ЖСН алып жатқан ресейліктердің басым бөлігі – жас жігіттер. Кіммен сөйлессек те, олар жүздерін суретке түсірмеуді сұрады. Жастар Қазақстанда өздерін қауіпсіз сезінетіндіктерін айтты. Дегенмен, өздері жайлы деректердің жариялануына алаңдайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990082-zsn-usin-uzyn-sonar-kezek-zuzdegen-reseilik-astanadagy-zastar-saraiyna-zinaldy-foto-video/

pixel