jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Республика күніне орай демалыс күнін ауыстыру жоспарлануда

күнтізбе
Күнтізбе. Көрнекі фото: pixabay.com

Биылдан бастап елімізде 25 қазан Республика күні ұлттық мереке ретінде қайта аталып өтетін болады. Осы орайда "Ашық" НҚА порталында үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Құжатта мерекеге байланысты демалыс күндерін ауыстыру мәселесі көтерілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Биыл "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға 25 қазан – Республика күні – ұлттық мейрам ретінде өзгеріс енгізу жоспарланған. Бұл күн биыл сейсенбіге түсіп тұр.

Осыған орай, мереке күндерінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қаулыға өзгеріс енгізу ұсынылады. Онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарланып отыр", - делінген құжатта.

Құжатты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген.

Демалыс күнін ауыстыруға қатысты қоғамдық талқылау 12 қазанға дейін жалғасады.

Қауылға өзгеріс енгізілсе, қазақстандықтар Республика күніне орай 3 күн яғни 23, 24 және 25 қазан демалады. Ал сенбі, 22 қазан толық жұмыс күні болады.

Республика күніне орай демалыс күнін ауыстыру жоспарлануда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.