jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

60-тан асқанда ағылшын тілін үйреніп, Австралияда жұмыс істеп жүрген қазақ жайлы не білеміз

Алмахан Батырқұлов
Алмахан Батырқұлов. Видеодан кадр: КТК арнасы

Алмахан Батырқұлов зейнет жасына шыққан соң ағылшын тілін үйреніп, бүгінде шетелде жұмыс істеп жүрген қазақ азаматтарының бірі. 70-ке келіп қалған ер адам қазір Сиднейдің ірі компаниясында ІТ-маман болып жұмыс істейді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Өмір бойы ел ішінде еңбек еткен Алмахан Батырқұлов зейнетке шыққан соң жұбайымен Австралияға қоныс аударуға бел буған. Бұған екі қызының сол жақта тұруы түрткі болған.

Осылайша, Алмахан Батырқұлов 60-тан асқанында ағылшын тілін үйренуге ден қойып, 63 жасында Сиднейдегі ірі компанияға жұмысқа орналасқан. Соңғы алты жылда зейнеткер сол жақта жұмыс істеп жатыр.

"Біздің компания CRE конференцзал орнатады. Одан кейін "блайнтс" дейді, перделерді пультпен жауып қояды, одан кейін датчиктер болады, желді, барлығын есептеп тұрады. Біз осыларды орнатамыз, үлкен қаржы орталығы болсын, жаңадан салынғаны болсын. Соған құрал-жабдық қоямыз, соның бәріне бақылау жасаймыз", - дейді Алмахан Батырқұлов.

Алмахан Батырқұлов шетелде бастапқыда жұмыс оңайшылықпен табылмағанын айтады. Талай іріктеуден өткен. Дегенмен ақырында осы жұмысқа қабылданған.

Сондықтан ер адам жұмыс істеуге, өз қалауынды іскер асыруға "ешқашан да кеш емес" екенін жеткізді.

"Барлығымыз ұмтылуымыз керек. Жастар оқуы керек, тіл білуі керек. Үш тіл білсе жақсы. Қазақ, ағылшын, орыс тілін жас кезінен үйренсе, біз қазақтар басқа халықтан қалмаймыз. Одан озбасақ. Бізде тәртіп те көбірек, сыйласу да көбірек", - дейді ол.

Дереккөз КТК арнасы:

60-тан асқанда ағылшын тілін үйреніп, Австралияда жұмыс істеп жүрген қазақ жайлы не білеміз

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.